Алматыда заңсыз әкелінген көліктерді пайдалануға қарсы «Транзит» шарасы қолға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІБ мен кедендік бақылау департаменті сырттан заңсыз әкелінген, қалада жүруіне тыйым салынған көліктерді пайдалануға қарсы «Транзит» шарасын жүзеге асыруда.

Алматыда заңсыз әкелінген көліктерді пайдалануға қарсы «Транзит» шарасы қолға алынды

Ақпанның 26-сынан наурыздың 2-не дейін жалғасатын шарада көлік базарлары мен көлік көп шоғырланған орындар тексерілетін болады.

«Тексеру барысында «жол қозғалысы қауіпсіздігі» жүйесінің автоматты бейнебақылауына түскен жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері де ескеріледі. Әр анықталған дерек бойынша әкімшілік шара қолданылады. Сондай-ақ, халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары да жүргізілмек, - деді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кедендік бақылау департаменті қызметкерлері анықталған көліктердің Қазақстанда пайдаланылуына рұқсат бар-жоқтығын тексеретін болады.