Алматыда заңсыз ойын залы әшкереленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Атакент» көрме кешеніндегі «Қарқара» сауда үйінде заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана әшкереленді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы Ерғанат Нұрбаев мәлім етті.
None
None

Ойын залы бильярд клубының әкімшілік ғимаратында ашылған. Бұл туралы құзырлы орган өкілдері арнайы рейд барысында анықтаған.

Ғимарат иелері казиноның ашылғанына тек 4 күн болғанын айтты.

Ойын залына кіру тегін болғанмен, ең төменгі ставка 100 АҚШ долларынан басталған. Казиноның ұйымдастырушысы кезінде «БТА банкте» қызмет еткен. Табысты бизнесті дөңгелетуге ол банктен 250 мың көлемінде қарыз алған. 100 мың теңге ғимаратты жалға алуға, қалған қаржыны қажетті жабдықтар алып, 2 дилерді жалдауға жұмсаған.

Рейд барысында БАҚ және құзырлы орган өкілдері казинода құмар ойынының қызығына кіріп отырған 17 ойыншының үстінен түсті.

«Тексеру барысында ойын карталары, фишка, 227 мың теңге көлемінде ақша тәркіленді. Қазір ойын залының ұйымдастырушыларының кім екендігі анықталды. Тергеуалды тексеру жүргізілуде», - деді Ерғанат Нұрбаев.

Соңғы жаңалықтар