Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы басталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау басталды

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл шара заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес - қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі»,- делінген хабарламада.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады.

Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77