Алматыда жалған кәсіпкерлік бойынша 215 қылмыстық іс қозғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу жүргізу қызметі үстіміздегі жылдың соңғы 6 айы ішінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 215- бабы (жалған кәсіпкерлік) және 216- бабы (жұмысты нақты орындамастан шот-фактураның үзінді көшірмесін жасау әрекеті) бойынша 215 қылмыстық істі тіркеді.
None
None

Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мысалы, 2011-2013 жылдар аралығында бірқатар фирмалар ашып, ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы жалған кәсіпкерлікпен айналысқан азаматшаның қызметіне тосқауыл қойылды. Бұл азаматшаның заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 1,2 млрд. теңге шығын келтірілген. Осы дерек бойынша жалған кәсіпкерлік бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, үкім шығару үшін іс сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, жалған кәсіпорынның есеп айыру шоттарынан 75 млн. астам теңгені алу барысында екі қылмыстық топ құрықталды.

Олардан басқа, тағы 9 қылмыстық топ ұсталды. Олар жалған (қолдан жасалған) шот-фактураларды және басқа да бухгалтерлік құжаттарды жүзеге асырмақ болған. Осы деректер бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Қалған деректер бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» - делінген хабарламада.

Мысалы, «К» есімді азаматтан жалпы сомасы 423,3 млн. теңгеге бастапқы жалған келісім-шарттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттардың келісім-шарттары, кассалық кіріс ордерлері және фискальдық ордерлер) бақылау ретінде сатып алынып, оған талап етілген 4 пайызы (92 000 АҚШ доллары) берілген. Бұл азаматқа қатысты ҚР ҚК 24-бабының 3-ші тармағы, 215-бабының 3 тармағы, 385-бабы және осы 385-бабының 3-ші тармағы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.

Қазір іс сотқа берілді.

Ағымдағы заңнамаға сәйкес, шот-фактураларды жүзеге асыру немесе ұсыну және жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыру қылмыс ретінде жазаланатын әрекет болып табылады. Бұл үшін 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылған.

Жалған кәсіпорындарды ашу көп жағдайда қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және мемлекеттік сатып алу барысында заңды айналымнан ақша алуға, сондай-ақ салық салу базасын азайтуға бағытталатындығын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар