Алматыда жалған құжатпен жүрген Ирак азаматтары ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 4 адамнан тұратын отбасы Греция азаматтарының құжаттарымен Францияға өтіп кетпекші болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жалған құжатпен жүрген Ирак  азаматтары ұсталды

«Алматы» шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы «Алматы-Ыстанбұл» бағытындағы рейстен жалған құжаттармен жүрген Ирак азаматтарын ұстады. Ұсталғандардың айтуы бойынша, олар «босқындар»  мәртебесін алу үшін Францияға өту мақсатында  Қазақстан Республикасының аумағын транзит ретінде пайдаланбақшы болған», - делінген Шекара қызметінің баспасөз баянында.

Ведомство таратқан мәліметтерге қарағанда, аталған азаматтар халықаралық заңнама аясында кері бағытқа депортацияланды.

Ұстау дерегі туралы ақпарат құқық қорғау және өзара іс-қимыл органдарына хабарланды.