18:33, 03 Сәуір 2012 | GMT +5
Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді
АЛМАТЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 7 сәуір күні жалпықалалық сенбілік болады.

Сенбілік барысында көшелер, үй аулалары, қоғамдық орындар, арық жүйелері мен өзен жағалаулары тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, оған қоғамдық және жастар ұйымдары, заңды тұлғалар, пәтер иелері кооперативтері, мектеп оқушылары, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Оларды аудандық әкімдіктер қажетті құрал-жабдықтармен және қоқысты жинауға арналған қаптармен қамтамасыз ететін болады. Ал коммуналдық қызметтер оны шығару үшін арнайы техникалар бөлмек.
Қала әкімдігі барлық азаматтарды игі істен шет қалмауға шақырып, қоршаған ортаны сақтауға бір кісідей жұмыла атсалысуға үндеуде.