00:34, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
Алматыда жалпықалалық «Жасөспірім» шарасы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалпықалалық «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады оңтүстік астананың ІІД баспасөз қызметінен.
«Акцияның мақсаты - кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, мектепке бармай бой тасалап жүрген, алкогольды ішімдіктерге, есірткі және басқа да уытты заттар қабылдауға үйір, сонымен қатар, ересек туыстарынсыз түнде көшеде жүретін, ойын-сауық мекемелеріне баратын жасөспірімдерді анықтау», - дейді Алматы ІІД әкімшілік полициясы басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Лейла Әліпбаева.
Аталмыш шара 26 сәуір күні аяқталады. Оны тиімді әрі нәтижелі өткізу үшін білім беру орындары, жергілікті атқарушы билік, ата-аналар комитеті, мектептердің педагогикалық ұжымы, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері тартылды.