Алматыда жаңа ғылыми-танымдық зертхананың тұсауы кесілді

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыдағы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде жаңа зертханалық кешеннің ашылу рәсімі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Салтанатты рәсімге ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, қалалық және облыстық клиникалардың бас дәрігерлері, шаһардағы зертханалардың үздік мамандары, Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаментінің және Жапонияның Азия-Тынық мұхиттық университетінің өкілдері қатысты. Бұл бес зертханадан тұратын кешен бірқатар соны зерттеулер жасап, сараптамалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Кешенді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен және университеттің ішкі бюджетінен 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігінің үкіметі құны 800 мың еуроны құрайтын зертханалық құрылғыны сыйға тартқан. Бұл екі ел арасындағы 15 жылдан бері жалғасып келе жатқан өзара ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асып отыр.«Біз алғаш рет біртұтас зертханалық орталықтың құрылуына қол жеткізіп отырмыз. Бұнда медицина саласында зерттеулер жасауға барлық мүмкіндіктер бар және ғылымның қарқынды дамуына мамандарымыз үшін әрқашан да жол ашық. Зертханалар жалпы үш бағытта жұмыс істейді. Біріншісі - танымдық-білім беру бағыты. Осы арқылы жоғары курс студенттері, жас ғалымдар түрлі зерттеулер жасай алады. Екінші бағыт ? ғылыми. Аталған саланың арқасында ғылыми-зерттеу институттарының директорлары өзара бірлескен түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері бар. Үшіншісі - тәжірибелік бағыт көмегімен ортақ ғылыми бағдарламалар құру мүмкіндігі», дейді университет ректоры Айқан Ақанов.Қазіргі уақытта USAID-пен бірлесіп ҚазҰМУ-нің ғылыми-зерттеу зертханасында «клиникалық-зертханалық диагностика» мамандығы бойынша орталықтандырылған оқыту жүйесі жасақталуда. Бұл бүкіл республика көлемінде диагностикалық орталықтар мен зертханалар қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңадан ашылған ғылыми-танымдық зертхана орталығында жұмыс істеуге Жапония, Израиль, Франция, Ресей секілді елдерде тәжірибеден өткен мамандар шақырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар