Алматыда жаңа соттар ашылды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Өкімімен Наурызбай аудандық сотының төрағасы болып Ұлан Есбергенов, №2 Медеу аудандық қылмыстық істер сотының төрағасы болып Дәурен Мәукеев тағайындалды. ҚР Президентінің Жарлығымен Наурызбай аудандық сотына судьялар Нұрлан Біржанов, Берік Қалжігітов, Жұмабек Қалиев, №2 Медеу аудандық сотына Дәулет Әбдіқалықов, Әнина Байдәулетова, Бауыржан Қоншаев, Фарух Омаров, Тұрсынхан Салықов және Тәкен Шәкіров қызметке алынды. Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай сот ұжымдарын жаңа қызметке тағайындалуларымен құттықтап, Елбасы артқан зор сенімді ақтап, сот жүйесін жетілдіріп, қызметтерін жауапкершілікпен, абыроймен, әділетті атқаруға шақырды. Сот ұжымдары толыққанды қызмет атқарулары үшін техникалық жабдықталған материалдық базамен қамтамасыз етілді.