Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін кешкі сағат 20:20 шамасында Жетісу ауданына қарасты Ангарская көшесі 97 А мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскен.
«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары рангі бойынша өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жетісу ауданында жанар – жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Өрттің жақын орналасқан вагон типті цистерналарға, резервуарға таралу қауіпі бар»,- деп хабарлады ведомствадан.

Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылды.