Алматыда жантүршігерлік жол апатына себеп болған Lexus жүргізушісі іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен Lexus жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбадан мотоцикл жүргізушісінің Lexus көлігінің жанына тақалып, қатар келе жатқаны көрініп тұр.

Осы кезде көлік кенет оңға бұрылып, мотоциклшіні итеріп құлатып кеткен.

Ол жолдың оң жағында жүріп келе жатқан автобустың астына түсті. Автобус тоқтап үлгере алмай жүргізушіні басып кетті.

Бейресми мәліметке сенсек, мотоциклші қазір ауыр халде жатыр.

Алматы облысының полиция департаментінен мәлім еткендей, Lexus жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Іздестіру жұмысы жан-жақты жүріп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АЛМАТИНЕЦ (@almatinec_life)


Соңғы жаңалықтар