14:14, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда жапон тілінде 14-ші орталықазиялық шешендік өнер конкурсы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Аталмыш шара жапонтану мен Орталық Азияда жапон мәдениетін оқушылар арасында насихаттауды дәстүрге айналдырып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінде өткен шешендік өнер конкурсы студенттер үшін жапон тілі мен мәдениетін жақын білуде құнды мүмкіндік болып табылады. Бұл конкурс Орталық Азия елдерінде кезекпен өтіп отырады, сондықтан биылғы конкурс Алматы қаласында өткізілуде.
Шара барысында шешендік сөз өнеріне әбден шыңдалған студенттер өз шеберліктерін көрсетіп, конкурста жеңіп шығуға тырысуда.
Конкурс соңында жапон тілін меңгеріп жатқан студенттердің қатысуымен концерттік бағдарламалар мен жапондықтардың жекпе-жек өнері көрсетіледі.
Аталмыш шараны қазақстандық Жапон тілін оқыту қауымдастығы мен ҚР-ғы Жапония Елшілігі және ҚазҰУ ұйымдастыруда.