Алматыда жарақат алған екі полицейдің жағдайы белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жарақат алған екі полицейдің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жарақат алған екі полицейдің жағдайы белгілі болды

Оқиға 11 сәуірде болған еді. Наурызбай аудандық полиция басқармасының екі жедел уәкілі - полиция аға лейтенанты Мухиддинов А.К. және полиция капитаны Қожаев А.С. жекеменшік тасымалдаушыға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау кезінде оларға белгісіз біреулер пышақ салған еді. Іс фигуранттарының екеуі арнауйы жоспар аясында бес сағаттың ішінде ұсталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, 1993 жылы туған азамат Б. және 1994 жылы туған азамат О.-ны қаланың қылмыстық полиция қызметкерлері қолға түсірген. Күдіктілердің бірі ел аумағынан шығып, көрші республикаға барып жасырынбақ болған.