Алматыда жарнама нарығының болашағы талқылануда
Шараны «Aegis Media» коммуникациялық тобы, «TFF/Aegis Media Орталық Азия»компаниялар тобы, «5etage» агенттігі ұйымдастырды. Конференцияда жаһандық және Қазақстандық жарнама нарығының дамуы, телевизиялық және интернет жарнама, Моңғолия мен Әзірбайжан, Ресей медиа-нарығының ерекшеліктері сөз болды. TFF/CA компаниясының басқарушы әріптесі Александр Варенициннің айтуынша конференция қазіргі кезде өте маңызды. «Өйткені жарнама нарығы дағдарыстан соң, аздап өсу үстінде. Алда осы өсу қандай деңгейде болады деген сұрақ тұр. Мүмкін оның жылына 5-10 пайыздық ұзақ мерізімді дамуы орын алуы мүмкін. Бүгінгі конференцияда осы мәселелерді талқылап, ортақ шешімдер қарастыруды жөн көрдік» дейді ол.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Моңғолиядан сарапшылар қатысуда.