Алматыда «Жас ғалымдардың үздік жазба еңбектері» байқауының жеңімпаздары марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорында «Президентке сүйіспеншілікпен» деп аталатын мерекелік концерт өтті. Концерт аясында «Жас ғалымдардың үздік жазба еңбектері» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
None
None

«Жас ғалымдардың үздік жазба еңбектері» деп аталатын бұл байқауды Елбасы қоры ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты - жас авторларға, авторлар ұжымына және жоғары оқу орындарының баспалық жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, оқу құралдарының сапасын арттыру.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден астам өтінім келіп түсті. Оларды іріктеуге беделді ғалымдар, баспа ісінің мамандары қатысты. Жеңімпаздар жасырын дауыс беру арқылы анықталды», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының менеджері Әлия Қадырова.

Жеңімпаздар барлығы 15 аталым бойынша іріктелді. Олардың ішінде «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының рөлі туралы үздік оқу құралы», «Жас практик ғалымның үздік кітабы», «Физика-математика ғылымдары бойынша үздік оқу құралы», «Байқаудың ең жас қатысушысы» деген секілді аталымдар бар. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетелік, концерт барысында опера әнішілері халық әндері мен италиялық әлемге танымал опера арияларын шырқады.

Соңғы жаңалықтар