15:14, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Алматыда жас көрермен театрының негізін қалаушы Н.Сацтың 110 жылдығы атап өтілді
АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда балалар мен жасөспірмдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының негізін қалаушы Наталья Сацтың 110 жылдығы атап өтілді. Оның ұжымын Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев құттықтады.

Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 1944 жылы қазан айында құрылған. Ал 1945 жылдың 7 қарашасында кішкентай алматылықтар алғаш рет Наталья Сац қойған Е.Шварцтың пьесасы бойынша «Қызыл телпек» спектаклін тамашалады.
Кейін аудан әкімі «Күн әлемі» байқауының жеңімпаздарын марапаттады және театрдың балаларға мейірімділік, Отанға деген сүйіспеншілікті үйретудегі орнын атап өтті.