14:22, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда «Жас Отан» жастар қанатының конференциясы өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты биылғы жылы жастар ұйымы ретінде заңды мәртебе алады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жас Отан» белсенділерінің айтуынша, жеке құқықтық мәртебеге ие болу арқылы оның жұмысын жаңа сатыға көтеру көзделген. Кезектен тыс ІІ-ші конференция барысында қалалық филиалдың 2008 жылғы атқарылған қызметі қорытындыланып, 2009 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Сондай-ақ филиалдың атқарушы хатшысын сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесі бойынша осыған дейін хатшы болып келген Бақытжан Нарымбетов қайта сайланды.