Алматыда «Жас зерде» II Халықаралық байқауына үш елден 69 студенттік команда қатысты

«Алматыда студенттердің маркетинг және әлеуметтану салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан «ЖАС ЗЕРДЕ» II Халықаралық байқауының жеңімпаздары алдағы 4 наурызда анықталады. Байқауға Қазақстан, Ресей және Украинаның 11 қаласынан 69 студенттік команда қатысты.
Олар маркетингтегі инновациялар, елдің ұлттық идеологиясы және бренді, экологиялық қауіптер және жасыл технологиялар, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және олардың шешімдерін іздеу, фаст-фудтан бастап, ұялы байланыс нарығына дейінгі сан алуан нарықтарға арналған түрлі тақырыпта зерттеулер жүргізді.
Байқауға жіберілген жұмыстардың ішінде нағыз студенттік деңгейдегі жұмыстар, сонымен бірге, ендіруге дайын жоғары кәсіби деңгейдегі зерттеулер бар. Енді ақтық кезең өте қызықты өтетініне сенімдімін», - деді өз сөзінде байқауды ұйымдастырушы ұйым - Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығы (КАПИОР) президенті Александр Рузанов.
Айта кетелік, байқаудың бірінші кезеңі осыдан бір ай бұрын online-форматта өтті. Жіберілген жұмыстарға сараптама жүргізу нәтижесінде құрамында барлығы 48 студенті бар 22 команда ақтық кезеңге өтті. Енді ақтық кезеңде студенттердің дайындаған зерттеу жобалары қорғалып қана қоймай, сонымен бірге, қызықты шеберлік сабақтары де өткізілмек.
Байқаудың жабылу салтанатында маркетинг және әлеуметтану секцияларындағы аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарияланып, олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, демеушілер түрлі аталымдар бойынша өз жүлделерін табыстайды.