Алматыда жасөспірімдер мен жастар арасында «Спорт - есірткіге қарсы» ұранымен жарыстар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, жасөспірімдер мен жастар арасында «Спорт - есірткіге қарсы» ұранымен таэквандо,
None
None

грек-рим, еркін күрес және ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтуде.

Аталмыш шара Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, жастардың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, жастардың арасында денешынықтыруды және спортты насихаттау, сонымен қатар, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілуде.

Олар Оқушылар Сарайында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Спорткешендерінде», сонымен қатар «Шабыт» демалыс орталығы мен қаланың түрлі мектептерінде кезең-кезеңмен өтуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шаралар жас спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Спорттық турнирлер 25 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар