Алматыда «Жастар кәсіпкерлік орталығы» ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қоғамдық «Жастар кәсіпкерлік орталығы» бірлестігі коммерциялық және саяси ұжымға жатпайтын, тәуелсіз студенттер мен жас мамандардың өз қарекеттерін жүзеге асыру ұжымы болып табылады.
«Студенттердің басқарушылығымен ашылған бұл орталықтың мақсаты - жастар арасында кәсіпкерлікті дамытып, олардың бизнес сауаттылығын ұлғайтып, жас мамандардың кәсіби деңгейін нығайту. Бүгін соның ресми ашылуы болып отыр, осы шара барысында айта кетер тағы бір жәйт, биыл жеке кәсіпкер оқушылар арасында «TIFE 2010» байқауын өткізбекшіміз. Ол бойынша оқушылар тренингке қатысып, кейін өздерінің бизнес жоспарларын жасайды. Сол жоспарларды ақпанның 28-і күні өтетін «TIFE 2010» байқауында көрсетеді, одан өткендер Орталық Азия «TIFE 2010» байқауына жолдама алады. Қырғызстан, Башқұртстан және Әзірбайжан елдерінің жастары қатысатын бұл шараны Алматы қаласында өткізбекпіз», дейді «TIFE 2010» жобасының үйлестірушісі, аталмыш оқу орнының студенті Гүлжан Айтілеу.