Алматыда жастардың жаппай төбелесіне қатысқан тағы бес адам ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жастардың жаппай төбелесіне қатысқан тағы бес адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаны Медеу аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі тергеп жатыр.
«Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Төбелеске қатысқан бес адам ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу органдары құқықтық баға беретін болады. Қақтығыстың себеп-салдары және оған қатысты өзге де фактілер нақтыланып жатыр», - деп хабарлады полициядан.
Еске салсақ, Алматыда жастардың жаппай төбелескені туралы видео желіге тараған болатын. Жанжал 30 қазан, таңғы сағат 9:00 шамасында болған.