Алматыда жасырын жұмыс істеп келген екі массаж салоны анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы полициясы жасырын жұмыс істеп келген тағы екі массаж салонын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Медеу ауданында орналасқан салонда эротикалық массаж қызметін 7 бойжеткен ұсынған. Сонымен қатар, жұмысшылардың сол жерде тұратындығы белгілі болды.
Осыған ұқсас тағы бір эпизод Бостандық ауданында анықталды. Массаж салоны Мыңбаев көшесіндегі тұрғын үйдің бірінің пәтерінде орналасқан. Мұнда үш адам жұмыс істеген.
«Мүмкін ғаламдық пандемия кезінде осындай әрекеттерді жасау үшін ессіз болу керек шығар. Бұл массажшыларға да, олардың клиенттеріне де қатысты. Тіпті дәстүрлі қызмет көрсету секторындағы жұмысшылар карантинді қатаң сақтайды, өйткені жұқтыру қаупі жоғары. Ал, бұл жерде бейтаныс адаммен тығыз байланыста болу тағдырды сынау сияқты. Бұл вирусты жұқтырған адамдардың статистикасын көбейтудің ең тікелей әдісі. Әрине, бұл адамдар үшін ешқандай ақтау жоқ. «Массаж үйінің» барлық жұмысшылары және олардың клиенттері ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мұндай мекемелерді анықтау жұмыстары карантин режимі аяқталғанға дейін қарқынды түрде жалғасады», – деп түсіндірді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.