Алматыда «Жауhар жәдігерлер-2011» атты көрме ашылды

МАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Орталық мемлекеттік мұрағатта ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Орталық мемлекеттік мұрағаттың 90 жыл толуына орай «Жауhар жәдігерлер-2011» атты көрме ашылды.
None
None

Төрт бөлімнен тұратын көрмеге Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатынан алынған құжаттар, «ТҮРКСОЙ» басшысы Дүйсен Қасейінов пен Түркия азаматы Музаффер Акчоралардың сый ретінде тапсырған Мұстафа Шоқайдың хаттары мен құжаттары, Египет Араб Республикасының Араб қолжазбалар институтынан алынған құжаттар, сонымен қатар, 1930 жылдары Кеңес Үкіметінің қуғынына ұшыраған, Ауғанстан, Пәкістан арқылы, кейін Египетте тұрақтаған Жамбыл облысының тумасы, профессор, академик, түркі әлемінің атақты ғалымы атанған Насрулла Ат-Таразидің құнды құжаттары қойылған. Оның мұрасын Насрулла Ат-Таразидің ұлы Мүбәрак Насрулла әкесінің тапсыруымен Отанындағы мұрағатқа ұсынып отыр. Сондай-ақ, көрмеден Кеңес Үкіметі кездерінде қуғын-сүргінге түскен қазақ азаматтарының, қоғам қайраткерлерінің құжаттарын, Жәңгір ханға қатысты құжаттарды, оның хаттары мен басқару ережелерін және өзге де соңғы ханға қатысты құжаттарды көруге болады.

«Республикадағы ең ірі, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқына, тарихына қатысты мұраларды жинап отырған жалғыз мұрағат өз саласында бүгінгі көрмеге бірінші рет орта ғасырдың кезеңіндегі қазақ халқына, түркі әлеміне қатысты құжаттарды жинақтап ұсынып отыр», - деді Мұрағат қорларын жариялау және қолдану қызметінің жетекшісі Мәрзия Жылысбаева.

Соңғы жаңалықтар