13:12, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, апат өткен демалыста Фурманов көшесінің бойында орын алған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нəтижесінде Бостандық ауданының 28 жасар тұрғыны ұсталды.
«Күдікті қас қарайған уақытта көшеде келе жатқан адамды көрмей қалғандығын айтты. Аталған дерек ҚР ҚК 345 жəне 347-бабы бойынша бірыңғай соталды тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді қалалық ІІД-інің анықтау басқармасының басшысы Рустам Əбдірахманов.