08:41, 12 Қаңтар 2016 | GMT +6
Алматыда жазғы дәмхана отқа оранды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданында орналасқан «Zor-Zor» дәмханасы отқа орнады. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
«Өрт туралы хабарлама таңғы 5:28-де түскен. 5:34-те оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, дәмхананың жазғы алаңы өртке оранған.
Төтенше жағдайды ауыздықтау жұмылдырылған 17 бірлік техника мен 65 адам қызыл жалынның өзге ғимараттарды шарпуына жол бермеді. Өрт 5:53-те ауыздықталып, 06:43-те сөндірілді», - деді ол.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ.
Тілсіз жау 190 шаршы метр аумақты шарпыған.