Алматыда жеке су құбырлары мен су ұңғымаларын коммуналдық меншікке беру ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті ведомствалық және жеке су құбырлары мен су ұңғымаларын «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына беруді ұсынды.
None
None

«Ведомствалық және жеке су құбырлары мен су ұңғымалары қазір үлкен мәселе болып отыр. Өйткені, олар санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға жауап бере алмайды. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, қаланың санитарлық-эпидемиялогиялық қызметі ведомствалық және жеке су құбырлары мен су ұңғымаларын «Алматы Су холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынының балансына беруді ұсынды», - делінген департаменттің хабарламасында.

Айта кетелік, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, қалада жұқпалы індеттердің су арқылы берілуі фактісі анықталған жоқ. Тұрғындар тарапынан бұл жөнінде арыз-шағым түскен жоқ.
2015 жылы Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан Ақбұлақ ықшам ауданында ұзындығы 19 шақырым болатын су құбыры желісі салынды. Ол 2016 жылдың бірінші тоқсанында қалалық желіге жалғанады. Сондай-ақ, Ақбұлақ ықшам ауданының оңтүстік бөлігінде тұратын тұрғындар үшін ұзындығы 16 шақырым болатын жаңа су құбыры желісінің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді
Бұдан басқа, Алатау ауданындағы Көк-Қайнар ықшам ауданының солтүстік-батыс жағында 16,1 шақырымдық су құбыры желісі тартылды. Ол да қалалық желіге 2016 жылдың бірінші тоқсанында жалғанады.

Соңғы жаңалықтар