Алматыда жеке тұрғын үйлерде орын алған өрттен 2 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы Таиров көшесі бойында орналасқан нөмірі №31,33 және 35-ші жеке тұрғын үйлерде өрт орын алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысының жетекшісі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
None
None

Оның айтуыша, өрт бүгін 13 тамызға қараған түні таңғы сағат 04:51-де басталған.

«Өрт туралы хабар «101» кезекші бөліміне түскен бойы оқиға орнына өрт сөндіруші бөлімше келіп жетті. Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрады. Тілсіз жаудың салдарынан 2 тұрғынды әр түрлі дәрежеде күйік шалды. Олардың бірі 4-ші қалалық ауруханаға жеткізілді. Екіншісі одан бас тартты. Ал өрт таңғы сағат 05:48-де толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамнан 34 адам және 8 арнайы техника жұмылдырылды», - деді С. Баймұхамбетова.

Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Айта кетелік, бұл үйлер бір-біріне өте тығыз орналасқан екен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум