Алматыда жекешелендіруге шыққан әрбір екінші нысан сатылған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Алматы қаласында жекешелендіруге шығарылған республиканың меншігіндегі нысандарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2016 жылы республиканың меншігіндегі нысандарды жекешелендіруден республикалық бюджетке 4,2 млрд теңге пайда түсті немесе жылдық жоспар 101,6 пайызға орындалды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері нысандарды 10 пайыз саудаға шығарып отырды. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы саудаға шығарылған нысандарды 100 пайыз сатты. Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы жекешелендіруге шығарылған нысандарды сату көрсеткіші бойынша ең нашар көрсеткішті иеленді», - дейді вице-министр бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Ал, коммуналдық жекеменшіктегі нысандардың сатылуына тоқтаған Берік Шолпанқұлов ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар