12:04, 26 Маусым 2018 | GMT +5
Алматыда жер сілкінісі болған кезде қайда бару керек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындығын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы сейсмикалық қауіпті жерде орналасқан. Соңғы уақытта қалада қатты жер сілкінісі жиі болмаса да қала халқы шұғыл қызметтердің дайындығына үнемі алаңдаушылық білдіретіні белгілі.
Қалалық ТЖД мамандары жыл сайын сейсмикалық жаттығудан өтеді.
«Алматыда қатты зілзала бола қалған жағдайда төтенше жағдайдың салдарын жою үшін Алматы және аймақтардан шұғыл әрекет күштері тартылады. Алматыда қала әкімімінің 2018 жылғы 5 қаңтарындағы №1 өкімімен зардап шеккендерді қабылдайтын 220 орын жасақталған. Пункттерде шатыр, азық-түлік, ауыз су, медициналық-психологиялық көмек шоғырландырылған. Қабылдау пункттері туралы қалалық ТЖД сайтында жарияланған»,- деді ТЖД мамандары.