Алматыда «Жібек жолы» саммиті өтеді

МАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Economist Conferences ұйымының ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейдегі «Жібек жолы» саммиті өтеді.
None
None

Оның жұмысына түрлі экономика салаларының, министрліктердің басшылары, саясаткерлер және жоғарғы басшылық буынының өкілдері, барлығы 150-ден астам қонақ қатысады деп күтілуде. Саммиттің белгілі спикерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов, Дүниежүзілік Банктің Еуропа мен Орталық Азия бойынша бас экономисі Индермит Гилл және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев бар.

Ашылу салтанатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Пан Ги Мун бейнетрансляция арқылы құттықтау сөз сөйлейтін болады.

Конференцияда Орталық Азия елдері экономикаларының іс жүзіндегі экономикалық әлеуеті зерттелетін болады. Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің министрлері жергілікті және халықаралық корпорациялардың жоғарғы басшылық буыны өкілдерімен, сондай-ақ, жетекші инвесторлармен бірге, өзінің стратегиялық сауда жағдайын пайдалануы үшін Жібек жолы елдері экономикасын дамытудың мүмкіндіктерін талқыламақ. Сонымен қатар, «Жібек Жолы» саммиті бизнесті дамыту мүмкіндіктерін зерттейтін болады.

Басқосудың негізгі пікірсайыс тақырыптары: «ЖІӨ мәселелері, инфляциялар, валюта бағамының өзгеруі және тауар экономикасының мәселелері, осы факторлардың жақын болашақта және ұзақ мерзімді перспективада «Жібек жолы» аумағындағы елдер экономикасының дамуына ықпалы» және «Алдағы бес жыл ішінде әлемдік экономика қарқынының Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы экономикалық дамуға ықпалы қандай болады?» деген сұрақтар мен мәселелер болмақ.

Шара барысында The Economist журналының Азия елдері бойынша тілшісі Доминик Зиглердің төрағалық етуімен, конференцияға қатысушылар ағымдағы ахуалға ультразаманауи экономикалық талдау жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар