Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда туыстары 5 күн бойы іздеп жүрген 9-сынып оқушысы Арайлым Жұматаева табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арайлым қаладағы сауда үйлерін аралап жүрген жерінен табылған.

«Қазір 15 жастағы оқушы Бостандық аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Басқармаға Арайлымның заңды өкілдері де жетті. Оқушының осы уақытқа дейін қайда болғаны анықталып жатыр», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Арайлым Жұматаева 7-сәуірде жоғалып кетіп, үйіне оралмаған. 9-сынып оқушысы құрбыларымен сауда-ойын сауық орталығына қыдыруға барған. Қайтар уақытта құрбыларын үйлеріне шығарып салған Арайлым үйіне келмеген.

Мұның алдында хабарлағанымыздай, бойжеткеннің 8- 9 сәуірге қараған түні сауда ойын сауық орталығында жүргені бейнекамераларға түсіп қалған.