Алматыда жол-көлік апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол-көлік апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгін таңғы сағат 05:20-да Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында Daewoo Nexia және Toyota Ipsum жеңіл автокөліктері соқтығысты. 1986 жылы туған У. есімді жүргізуші Daewoo Nexia автокөлігімен Тілендиев көшесі бойымен солтүстік бағытта, ал Toyota Ipsum автокөлігін басқарған жүргізуші Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан. Жол-көлік апаты салдарынан барлығы 6 адам зардап шекті», - деді С. Әзірбек.

Сонымен қатар ол Toyota Ipsum автокөлігіндегі 1990 жылы туған жолаушы қыздың алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмғандығын және жарақат алған тағы бір 1988 жылы туған бойжеткеннің орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгендігін айтты.   

Әр түрлі жарақат алған тағы үш ер азамат орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Басқа да зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты.  

«Осы оқиға бойынша Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-ші бабының 3-ші тармағы (Кісі өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.  Бірқатар сот-медициналық және автотехникалық сараптама жүргізілетін болады. Соның нәтижесінде жүргізушілердің қайсысының жол ережесін бұзып, апаттың орын алуына себепкер болғандығы анықталады», - деді С. Әзірбек. 

Соңғы жаңалықтар