Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең көп таралған түрі анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Қауіп жол» акциясы өтіп жатыр. Полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті назарға алып, бақылауды күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Полиция апаттық жағдайды азайтуда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыздықтардың уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударады. Шаһар жолдарында іс-шара басталғаннан бері барлығы 6205 жол ережесін бұзу анықталды»,– деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Жолда ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар:
- 593-бап 1-бөлім (қауіпсіздік белдігін қолданбау) 1317;
- 615-бап (жаяу жүргіншілер) 1155;
- 595-бап (маневр жасау ережелерін бұзу) 939;
- 590-бап 9 бөлім (техникалық бақылаудан өтпеген КҚ басқару) 758;
- 591-бап (КҚ басқару кезінде телефонмен сөйлесу) 754;
- 606-бап (апаттық жағдай тудыру) 466;
- 600-бап (жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеу) 326;
- 599-бап (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту) 160;
- 608-бап (мас күйінде КҚ басқару) 106;
- 590-бап 7-бөлім (заңсыз қайта жабдықтау) 77;
- 612-бап 1-бөлім (басқаруға құқықы жоқ адамның КҚ басқаруы) 69;
- 596-бап 3-бөлім (қозғалыстың қар жолағына шығу) 38;
- 607-бап (темір жол жолдарының өткелінен өту ережесін бұзу) 19;
- 590-бап 4-бөлім (жалған МТНБ КҚ басқару) 19;
- 612-бап 3-бөлім (басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) 13.
Шара барысында айыппұл тұрағына - 959 көлік қойылды.