Алматыда жөндеуге жабылған 7 жылу қазандығының төртеуі қайта іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазандықтарды жөндеуге байланысты ыстық судан ажыратылған тұтынушылардың жартысынан астамына ыстық су қайта беріле бастады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС ақпаратына сәйкес, жөндеуге шығарылған 7 жылу көзінің төртеуінде жоспарлы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.  

Сонымен, жоспарланған мерзімнен бұрын, яғни 29 мамырдан бастап, Геологтар - Заводская - Кассина - Бірінші мамыр мұнай базасы - Сейфуллин - Тихов - Орталық көшелері шеңберінде орналасқан нысандарға «Көкжиек» қазандығынан, 

27 мамырдан бастап, Березовский - Гагарин - Өтепов - Розыбакиев көшелері шеңберінде орналасқан нысандарға «№1 Балалар туберкулез шипажайы» қазандығынан,

3 маусымнан бастап, Сүйінбай көшесі бойында орналасқан №№ 9, 20-А, 20-Б, 21-А, 40, 41, 42, 43, 44, 46, 47, 49, 50, 51, 52, 53-ші тұрғын үйлерге «13-ші әскери қалашық» қазандығынан және

8 маусымнан бастап, Кассина - Котельников - Марийская - Сейфуллин көшелерінің шеңберінде орналасқан тұтынушыларға «Жұмабаев 36-Б» қазандығынан ыстық су беру жұмысы қайта жолға қойылды.

Бүгінгі таңда жұмыс кестесіне сәйкес, «Жұлдыз» қазандығында («Жұлдыз-1» шағын ауданында, Дөнентаев көшесі бойында орналасқан №№ 1, 1-А, 1-Б, 1-В, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 11-А, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 18/1, 18-А, 19, 21, 21-А, 23, 25, 26-шы тұрғын үйлерде, сондай-ақ, «Жұлдыз-2» шағын ауданында орналасқан №№ 25, 27, 27-А, 27-Б, 27-ші тұрғын үйлерде ыстық су беру 1 маусым күнгі тағы сағат 08:00-ден 17 маусым күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін шектеледі), «№85-ші мектеп» қазандығында (Спасская - Тельман - Шмидт - Энгельс көшелері шеңберінде 1 маусым күнгі таңғы сағат 08:00-ден 10 маусым күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін ыстық су беру шектелді), «Солтүстік-Шығыс» қазандығында (Хмельницкий - Дөнентаев - Майлин - Монтажная көшелерінің шеңберінде, «Алтай-1», «Алтай-2», «Жулдыз-2» шағын аудандарында, Сүйінбай даңғылы бойында орналасқан №№ 170-489 -шы тұрғын үйлерде 25 мамыр күнгі сағат 0.00-ден бастап, 14 маусым күні сағат 17:00-ге дейін ыстық су беру шектеледі) жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Осы аталған нысандарда тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар