Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған ер адам екі айға қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы соты журналист және блогер Бота Жұмановаға шабуыл жасап, оны соққыға жыққан ер адамды екі айға қамады, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

«Ағымдағы жылы 28 қазанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының тергеу судьясы ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі, 191 бабы 2 бөлімі 1 тармақшасындағы қылмыс бойынша күдікті 1993 жылы туған О.С.Мырзаханға қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 8 қазанда белгісіз біреу Б.Жұмановаға оның үйінің кіре берісінде шабуыл жасап, соққыға жыққан. 26 қазанда полиция Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған әйел адамды тонау мақсатымен шабуыл жасағанын айтты. Алайда, журналистің көршілері кедергі жасағандықтан, қаскөй ойын жүзеге асыра алмаған.

Соңғы жаңалықтар