Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының пікірінше, негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру қажет.

Сондай-ақ, ол учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс екенін атап өтті.

«Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет, білім мен қоғамдық қауіпсіздік. Біз осыларды қамтамасыз етуге тиіспіз», — деді кеңес барысында Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, полицияның жедел басқару орталығын модернизациялау және ЖБО-да бейнебақылау жүйесін интеграциялау жоспарлары туралы айтты.

Жол оқиғалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Жыл басынан бері мегаполисте 4 мыңға жуық жол көлік оқиғасы орын алған.

«Біз қазіргі кезде халық саны мен автомобиль трафигінің көп болуына қарамастан пәрменді шараларды қолдана отырып, жолдардағы апаттар мен өлім-жітімді күрт азайтқан шетелдің тәжірибесін белсенді түрде үйренудеміз», - деп атап Ерлан Тұрғымбаев.

Қала әкімдігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, оның ішінде заманауи мегаполистердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, жол инфрақұрылымын қайта құру жөнінде полицияның бастамаларын қолдайтын болады. Бұлар – торкөз белгілер, жолақтар бойынша бұрылыстардағы қозғалыстардың нүктелері, қосымша бағдаршамдар және магистральді көшелердегі бөлгіш қоршаулар.

«Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды. Қаланың көлік инфрақұрылымы қозғалыстың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауы қажет», - деп атап өткен Б. Сағынтаев әрі қалалық мобилділік басқармасына бұл мәселені полиция департаментімен бірге шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram