18:15, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Алматыда жыл сайынғы IV-ші «X-MOVIE» экстремалды әуесқой видео фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қараша айының 5-і күні, салауатты өмір салтын насихаттау мен экстремалды спорт түрін насихаттауға арналған, жыл сайынғы IV-ші «X-MOVIE» экстремалды әуесқой видео фестивалі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «X-movie» Халықаралық кинофестиваль болып саналады. Сондықтан да, бұл шараға барлық елден, әлемнің барлық тілінде жасаған жұмыстар қабылданады. Барлық фильмдер субтитрді қосу арқылы, өз тілінде көрсетілетін болады.
Фестивальдің негізгі мақсаты - жас режиссерлер мен операторларды, спортшылар мен авторларды қолдау, тәжірибе мен ақпарат алмасу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.