Алматыда жыл соңына дейін электронды билет беру жүйесімен барлық қоғамдық көлік қамтылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл соңына дейін электронды билет беру жүйесімен барлық қоғамдық көлік қамтылады. Жолақысын төлеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры Серік Жұмабаев айтты.
None
None

Аталған компания қала басшысы Ахметжан Есімовтың тапсырмасымен қоғамдық көлікте көрсетілетін қызмет жүйесін жақсарту жұмыстарын жүргізген.

Жаңа бағдарлама қазанда басталып, жыл соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Құны 320 теңге болатын төлем карталары 4 түрлі болмақ. Бірыңғай карталардан бөлек оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге арналған карталар жасалады.

Серік Жұмабаевтың айтуынша, электронды билеттендіру жүйесі жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартып, қаржының жылыстауын тосқауыл болмақ.

Соңғы жаңалықтар