Алматыдағы 20 мың адам қатысқан Наурыз мерекесін әуеден тамашалайық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Наурыз мерекесін тойлау шарасының әуеден дрон көмегімен түсірілген әсерлі видеосын тамашалаңыздар. Видео Ютуб видеохостингіндегі Алматы қаласының мәдениет басқармасының аккаунтында жарияланған.
Алматылықтар Ұлыстың ұлы күнін еліміздің тəуелсіздігіне 25 жыл толуына əрі Алматының 1000 жылдығы тақырыбымен атап өтті.
Қаладағы Астана алаңына 20 мың адам жиналған. Келушілерге арналып Наурыз театрландырылған қойылымы, ұлттық бұйымдар көрмесі жайылып, киіз үйлер тігілген. Көшеде қазақтың ұлттық ертегілері кейіпкерлерінің қуыршақ бейнелері жүр. Сондай-ақ, қазақ мемлекеттік музейі Алматы қалашығынан табылған тарихи жəдігерлерді көрмеге қойды.