Алматыдағы Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмысы қашан аяқталады

Айтуынша, 2022 жылы «Ақжар» шағын ауданында 10 шақырым жол және «Ақжар», «Қарағайлы» мен «Шұғыла» ықшам аудандарының 12 көшесінде 8 шақырым тротуар салынды, 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.
Биыл 2023 жылы «Ақжар» және «Шұғыла» шағын аудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді.
Ерболат Досаев Абай даңғылын ұзарту жұмыстары жыл соңына дейін ақталатынын тілге тиек етті.
«Жылдың соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Осы айда А. Жұбанов көшесін Б. Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуы тиіс», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, ол Наурызбай ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті екенін атап өтті.