Алматыдағы АҚШ Бас консулы Марк Муди Қызылордаға барды (ФОТО)

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Марк Муди мырза ресми сапармен Қызылорда қаласына келді, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жоғары мәртебелі қонақ қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаевпен кездесіп, әлеуметтік саланы, әсіресе білім және мәдениет салаларын дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесуге АҚШ Бас консулдығының БАҚ, мәдениет және білім беру бөлімінің басшысы Чарльз Мартин, қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Айгерім Бегалиева және Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалым Баймұрзаевтар қатысты.         

Қала әкімінің орынбасары шаһардың экономикалық, білім және мәдениет саласындағы жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті.

Кездесу соңында қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев қонақтарға Қызылорда қаласы туралы естелік кітапты сыйға тартты. Кездесу қорытындысы ретінде Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында облыстық филармония және американдық                                «The Exchange» тобының концерті өтті.

Концерттің ерекшелігі америкалық атақты «The Exchange» тобымен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері бірлесіп қазақша әндер айтып, өнер көрсетті.
null null null  

Соңғы жаңалықтар