18:17, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Алматыдағы атыс: бір адам қаза тапты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Әуезов ауданының «Ақсай-3» шағынауданында атыс орын алды. Соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Болжам бойынша төрт адам атысқан. Олардың біреуі полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қазіргі сәтте қалғандарын іздестіру және оқиғаның себебін анықтау бойынша шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.