Алматыдағы бассейнде балалардың улану себептері анықталды
«Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, бассейн өкілінің айтуынша, бір апта бұрын бассейндегі суға хлор қосатын жаңа қондырғы орнатылған, сол кенеттен істен шыққан», - деп хабарлайды Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Құзырлы ведомства қалдық хлор мен бактериологиялық зерттеулердің құрамына зертханалық зерттеулер жүргізу үшін бассейннен су, сондай-ақ ауаның өлшемі алынғанын атап өтті.
«23 қыркүйекте синхронды жүзу тобына қатысатын 14 баланың ішінде 11-інің тұншығып, жөтелу шағымы бойынша жедел жәрдем бригадасы қалалық балалар клиникалық ауруханасының токсикология бөлімінің жеткізді, - деп атап өтті Алматы қаласы СЭБД баспасөз қызметі.
11 баланың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, олар симптоматикалық ем алады.
Бұған дейін Алматыда балалар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалғаны туралы жазған болатынбыз. Оқушылардың жасы 12-14-те.