Алматыдағы бұрынғы теміржол ауруханасы балаларды оңалту орталығы болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кездесу кезінде аудан тұрғыны бұрынғы теміржол ауруханасына қатысты сұрақ қойды.

«Аурухана қаланың меншігіне өткелі бері қараусыз тұр. Есік, терезелері жоқ. Қорқынышты жағдайда. Алмалы ауданының әкімдігі бұған дейін онда оңалту орталығы салынатынын хабарлаған еді. Бірақ әзірге жұмыстар жүрген жоқ, ғимарат қаңырап бос тұр. Бұл алматылықтар үшін маңызды ғимарат екенін ескерсек, оны ретке келтіруді сұраймын», - деді қала тұрғыны.

Алматы әкімі Ерболат Досаев тарихи ғимараттың ерекше назарда тұрғанын айтты.

«Бұл жоба бойынша келісім алу, оны «Қазреставрациямен» қалпына келтіруге біраз уақыт кетті. Кейін біздің жобамыз мақұлданды және бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Келесі жылы жұмыстар басталады. Жобаға қаражат бөлінді. Ол жерде расымен балаларға арналған қалалық оңалту орталығы ашылатын болады. Барлық жұмыстар Алматы қаласының даму жоспарына сәйкес жүреді. Нысанның тарихи келбетін қалпына келтіруді өзім қадағалаймын, ал орталықтың ішін заманауи жабдықтармен жабдықтап, балаларға қолайлы жағдай жасаймыз», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар