Алматыдағы инновациялық технологиялар паркі жаңа технологияларды сынау үшін Google компаниясын тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инновациялық технологиялар паркі индустриалдық Интернет бойынша жаңа шешімдерді құру және сынау үшін «Google» компаниясын тартады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
None
None

«2016 жылы «Google» компаниясын тарту арқылы  автоматтандыру бойынша төрт модульдің біріншісін іске қосу жоспарланған. Google мүддесі индустриалдық Интернет бойынша жаңа шешімдерді құру және сынаудан (Индустрия 4.0) тұрады. Қалған үш модуль: Модельді өндіріс, Терең қайта өңдеу және Энергия тиімділігі - жер қойнауын пайдаланушылардан түскен жылдық табыстың 1% міндеттемелерін тарту бойынша іске қосылады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Инновациялық технологиялар паркінің бас директоры Санжар Кеттебеков атап өткендей, Индустрия 4.0 - бұл барлық үдерістердің жаһандық компьютерлендірілуі. Ол барлық үдерісті оңтайландыруға мүмкіндік береді, сәйкесінше, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

«Бүгінде Google, ThyssenKrupp, Siemens сияқты компаниялар қатысуға ниет білдірді. Бірқатар  компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Орталық жер қойнауын пайдаланушылармен қатар технологиялық компаниялар үшін де тиімді. Қазіргі таңда «Полиметалл» еуразиялық компаниялар тобының қатысуы туралы ілкі жобалар бойынша жалпы сомасы 500 млн теңгеден астам қаражатқа екі меморандум жасалды», - деп қосты ол.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар