Алматыдағы киностудияда балаларға актерлік шеберлік пен шешендік өнер үйретілмек

«Бұл орталықта балалар сценарий жазудың әліппесін меңгеріп, театр қойылымдарына қатыса алады. Әр бала өзін режиссер, актер, сценарист рөлінде байқап көреді. Мұнда актерлік шеберлік, шешендік өнер, пластика бойынша сабақтар жүргізіледі», - деді қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың баспасөз хатшысы Татьяна Ануфриева. Орталықтың ашылу салтанаты аясында белгілі кино майталмандары белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов, Ақан Сатаев, актер Асанәлі Әшімов, Фархат Әбдірайымов, Мұрат Бисембин, Максим Акбаров, Дәулет Әбдіғаппаров, Айнұр Ниязова, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Жанна Қуанышева, Гүлнара Досматова, Хуат Ахметов, Бақытжан Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева балаларға шеберлік сыныптарын өткізеді. Орталық тегін жұмыс жасайтын болады. Киностудияның жұмысын Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жанындағы мемлекеттік қор қаржыландырмақ.