Алматыдағы көк базарда баға қымбат - көшпелі мәжіліс

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ –Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының ұйымдастыруымен Орталық базар мен №2 орталық дәріхана тауарларының бағасына мониторинг жүргізу бағытында көшпелі мәжіліс өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көшпелі мәжіліске «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының орынбасары Тоқмұқамет Садықов, Медеу ауданының әкімі Махамбет Бейдәлі, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Айткүл Самақова, Камал Бұрханов, Тәңірберген Бердіоңғаров, сондай-ақ «Нұр Отан»ХДП қалалық филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері қатысты. Тоқмұқамет Садықовтың айтуынша, көшпелі мәжілісті өткізудегі мақсат - қазіргі дағдарыс жағдайы мен теңгенің девальвацияға ұшырағанын пайдаланып, бағаны заңсыз өсірушілерді анықтау, халық қандай бағамен азық-түлік алып отыр, соны көзбен көріп, халыққа қолдау білдіру, заңсыздық анықталса оны тоқтату. Ол бұл бағыттағы іс-шаралар бұған дейін де жүзеге асып келгенін айтады. Мәселен осыған дейін «Нұр Отан»ХДП қалалық филиалы жанынан сауда орындарындағы азық-түлік, дәріханалардағы дәрілердің және коммуналдық қызметтердің бағаларына мониторинг жүргізу комиссиясы құрылған. Оның негізгі қызметі бағаның өспеуін қадағалап, баға саясатына бақылау жасау. Көшпелі мәжіліске қатысушылар алдымен Орталық көк базарда болып көкөніс бағасымен танысты. Бүгінде көк базардағы картоптың 1 киләсі 150-180 теңге, биылғы жылдың картобы 500 теңге, қырыққабат 150-180 теңге, Алматының апорты 700 теңге, қой етінің киләсі 1000 теңге көлемінде. Бұны қымбат деген көшпелі мәжіліске қатысушылар базар басшылығына күнделікті бағаны қадағалайтын комиссия құруды, бағаның көтерілмеуін бақылауды тапсырды. Базардың атқарушы директоры Ерлан Қалиевтің айтуынша бұндай комиссия бар, тек соңғы күндері шет елден әкелінетін тауар бағасы өскен. Жалпы бағаның өспеуі үшін орындарды жалға беру құнын өсірмеу шарасы қолға алынған. №2 орталық дәріханада болған көшпелі мәжіліске қатысушылар дәріхана басшылығына бағаны тұрақты ұстап тұру қажеттігін ескертті. «Нұр Отан»ХДП қалалық филиалы өкілдерінің айтуынша, қаладағы тауар бағасына мониторинг тұрақты жүргізіліп отырмақ.
Соңғы жаңалықтар