Алматыдағы құрылысы аяқталмаған 97 нысанның 54-і бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша жүзеге асырылады ? Қ. Келімбетов

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы құрылысы аяқталмаған 97 нысанның 35-і мемлекеттік қолдау шараларын қажет етпейді. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Премьер-Министрдің жұмыс сапары бойынша қалалық әкімдікте өткен алқалы жиында осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қайрат Нематұлының сөзіне қарағанда, Алматыдағы құрылысы аяқталмаған 97 нысанның 35-ін құрылысшылар өз күшімен салып жатыр. Олар мемлекеттік қолдауды қажет етпейді. Ал қалған 62 нысанның 54-і бірлескен іс-шаралар жоспарында қарастырылған тетіктер бойынша тұрғызылады. «Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, қазір дайын тұрған үйлерде 657 пәтер бар. Құрылысшылармен олардың шынайы бағасын келісіп, қайта құрылған «Тұрғын үй» қоры арқылы сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмысты өткен аптада әкімдікпен бірлесе отырып бастадық. Әзірге әрбір тұрғын үй кешенін жеке-жеке қарап жатырмыз», - дейді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы.
Соңғы жаңалықтар
Референдум