15:30, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Алматыдағы күш құрылымдары арасында өткен спартакиадада гвардиашылар жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы күш құрылымдары арасында 24 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Динамо» спорт қоғамының спартакиадалық бағдарламасы аясында шағын футболдан жарыс өтті.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл спартакидаға биыл 12 команда қатысты. Онда топтық сында үздік шығып, жартылай финалда ішкі істер департаментінің аяқдопшыларын қосымша уақытта 2:1 есебімен ұтып, ақтық сайыста ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясын 2:0 есебімен жеңген ҚР Гвардиясы жеңімпаз атанды. Ал жартылай сында Шекара қызметі академиясына 0:3 есебімен ойсырай жеңілген Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің командасын 3:2 есебімен ұтқан Ішкі істер департаментінің аяқдопшылары үшінші орынды иеленді.