Алматыдағы О.Жәутіков атындағы мектеп үздік олимпиадалық команда атанды

Алдын ала үш кезеңде болып, оған мектеп, аудан және облыстардан қатысып, ендігі кезде олимпиаданың төртінші қорытынды кезеңі болды.
Олимпиаданың басты мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тереңдету, өзін-өзі іске асыруға ықпал ету, дарынды балаларды анықтау мақсатында олардың жағдайын жасау, іріктеу және халықаралық олимпиадаға қатысу ушін студенттерді дайындау.
Ғылыми-математикалық пән бойынша қорытынды кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 704 мектеп оқушылары қатысты. І дәрежелі дипломмен 48 мектеп оқушысы марапатталды, ІІ дәрежелі дипломмен - 97 мектеп оқушысы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 168 мектеп оқушысымарапатталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«Үздік олимпиадалық команда» аталымындва Республикалық мамандандырылған О.Жәутіков атындағы физика-математикалық орта мектеп-интернатының командасы марапатталды. Командалық есепте 1 орынды Астана және Алматы қалалары, Жамбыл облысының командалары иеленді, 2 орынды Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының командалары, 3 орынды - Қарағанды, Ақтөбе облыстарының командалары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру командасы өз қоржындарына салды.
«Физика» пәнінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауылының 11 сынып оқушысы Нұрғали Асылханға «Үздік ауыл оқушысы» аталымында сертификат берілді. Павлодар облысының «Жас Дарын» арнайы мектебінің 8 сынып оқушысы Мохаммед-Әлі Әмір математика пәні бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.
Республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 551 оқушысы қатысты. Командалық есеп бойынша 1 орынды Астана және Алматы қалалары, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары, 2-орынды Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары, 3-орынды Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары иеленді. «Қазақ мектебіндегі орыс тілі» пәнінен Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының лингвистикалық мектебінің 11 сынып оқушысы Шуақбаев Әділет «Үздік ауыл қатысушысы» аталымы бойынша мақтау қағазына ие болды.
Ағымдағы жылы мектепті тәмәмдайтын олимпиада жеңімпаздарына Қазақстандық ЖОО-лардың арнайы сыйлықтары берілді. Осылайша, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Атыраудан Д. Қайырболатов пен Батыс Қазақстан облысынан Т. Өтепбергеновке екі оқу грантын табыс етті. Сонымен қатар, Қазақ-Британ техникалық университеті Алматының екі оқушысы А. Исмаилов пен Д. Құрмантаевты екі оқу грантымен марапаттады. Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университеті 24 мектеп оқушыларына оқу гранттарын табыстады.